Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі

Image

Суюбердиева Айман Абдразаковна

Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушы
Мекен-жайы: ҚР, Шымкент қаласы, 160012,Тәжібаева 2 көш, (N8 оқу корпусы) М.Әуезов атындағы ОҚУ,
Филология факультеті "Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілі" кафедрасы
Телефон: +7 701 191 7703 
Эл пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кафедра туралы ақпарат

Кафедра Тарихы

"Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі" кафедрасы

13.08.2001ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ің Ғылыми Кеңесінің №3/359 шешіміне сәйкес құрылды. Кафедра педагогикалық және гуманитарлық мамандықтардың студенттері үшін ағылшын тілінің практикалық курсын оқуды қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орындарында шет тілін оқыту "Заманауи тілдер: зерделеу, оқыту, бағалау" құжатында қабылданған шет тілі бойынша жалпы еуропалық құзыреттілік стандартына қол жеткізуге бағытталған өзіндік мазмұны мен құрылымы бар дербес және аяқталған курс болып табылады. Кафедрада жыл сайын гуманитарлық және педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған ғылыми конференция өткізіледі. Кафедра оқытушылары шетелдік оқу залымен бірлесіп университеттің гуманитарлық мамандықтарының студенттеріне арналған "Discussion hour" және "Lingua" үйірмелерінің іс-шараларын өткізеді. Бұл шет тілін білгісі келетін студенттерге үлкен пайда әкеледі. Кафедраның барлық оқытушыларының базалық білімі бар және ағылшын тілінде сабақ жүргізеді.Кафедра ұжымы шетелдік жоғары оқу орындарымен үздіксіз тәжірибе алмасады және "Болашақ", DAAD, UGRAD, ACCELS, MUSKIE, JFDP, FULLBRIGHT халықаралық бағдарламаларына белсенді қатысады, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің RCEAL орталығында ғылыми тағылымдамадан өтеді, "British Council"орталығы ұйымдастырған семинарларға қатысады. Кафедра "Macmillan"халықаралық оқу-әдістемелік орталығымен тығыз байланысты және бірлесіп жұмыс істейді. 3 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен оқытушылар саны - 15.
Кафедра оқытушылары "Шет тілі сабақтарында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары" тақырыбында ғылыми жобаға өтінім дайындап, ҚР БҒМ гранттық конкурсына тапсырды.
Жыл сайын кафедраның ПОҚ өзінің ғылыми еңбектерін жақын және алыс шетелдердің республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларына белсенді қатысады және мақалалар жариялайды.
Профессор-оқытушылар құрамы
Кафедра туралы мәлімет

Кафедраның Жетістіктері

басқаларын қараңыз

Жоғары білім аясында мәдениеттердің ұштасуы – білімнің жаңа тәсілдері

  Жоғары білім аясында мәдениеттердің ұштасуы – білімнің жаңа тәсілдері

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Қосымша білім беру орталығы және Филология факультеті «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22 мамыр 5 маусым аралығында «Жоғары білім аясында мәдениеттердің ұштасуы – білімнің жаңа тәсілдері» атты халықаралық біліктілікті арттыру курсына білікті лекторлар – Америка, Колорада штатынан профессорлар Рон Уайли мен Джанин Уайли шақырылды. Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінен Айгерім Қожабергенова шақырылды.

Image
Image
      Аталған курс білім беру кеңістігінің жаһандануына байланысты халықаралық ынтымақтастықты арттыру және ғылым мен білім беру саласында инновациялық технологияларды қолдануда тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл курста университетіміздің «Болашақ» Халықаралық бағдарламасымен шет елдерде біліктілігін арттырған профессор-оқытушы құрамы да өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.
Image

Халықаралық Ғылыми және Академиялық вебинар

"Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі" кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 9-шы наурыз күні Ұлы Британия және Қазақстан мемлекеттерінің "Жоғарғы оқу орындарында теориялық және практикалық шет тілін оқыту:Инновациялық көзқарастар және жаңа даму жолдары. Салыстырмалы перспективалар" атты Халықаралық Ғылыми және Академиялық вебинар өткізілді.
Image

Күнтізбе

Маусым 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.