Факультет туралы

Image







Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Факультет деканы

Байланыс мәліметтері: Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 220 кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-72-26

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.



Деканат құрамы

Қияқова Аигерім Өмірғалиқызы

Магистр, аға оқытушы

Оқу және оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі декан орынбасары

Байланыс мәліметтері: Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 225 кабинет

Жұмыс телефоны: +7 771 318 6293

E-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Тулегенова  Жанар Жамбуловна

Магистр, аға оқытушы

Инновация және ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

Байланыс мәліметтері: Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 220 кабинет

Жұмыс телефоны: +7 702 183 83 45

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Бердаулетова Шолпан Жаксылыковна

Магистроқытушы

Тәрбие ісі және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

Байланыс мәліметтері:Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 220 кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-72-26

E-mail: sholpan_berБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..ru

Факультеттің білім беру бағдарламалары:
    Сексен жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті филология факультетінің білім саласында мамандар даярлап келе жатқанына ширек ғасырдан асты. 1996 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты, Шымкент педагогикалық мәдениет және Шымкент педагогикалық институттары біріктіріліп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті құрылды.
  Осы институттардағы тіл-әдебиет мамандықтарының негізінде филология факультеті құрылып, алғашқы деканы болып ф.ғ.д, профессор Болат Әбішұлы Байтанаев тағайындалды. 1997-2004 жылдар ф.ғ.д., профессор Б.М.Тілеубердиев, 2004-2005 жылдары п.ғ.д, профессор А.Жапбаров, ал 2005-2006 жылдары п.ғ.к, доцент А.Т.Назарбекова, 2006-2007 жылдары э.ғ.д., профессор  С.Жақыпбеков, 2007-2020 жылдары ф.ғ.д., профессор Б.М.Тілеубердиев факультет деканы қызметін атқарды.
    2020 жылдан бері факультетті ф.ғ.к., доцент Ә.О.Ыбырайым басқарады. Бүгінгі таңда факультет құрамында бес кафедра бар: «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы, «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасы, «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасы, «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасы, «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы. Факультетте бакалвр, магистратура, докторантура бағыттары бойынша 19 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланады.
Image
Image
Image
Image
Image

   Филология факультетінде оқу процесін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады, олардың ішінде еңбек қызметі қырық жылдан асатын тәжірибелі ұстаздар да бар: Б.М.Тілеубердиев, С.Р.Боранбаев, А.Б.Қалшабеков, А.Ө.Алимкулов, З.У.Миятбекова Б.М.Калымбетова, З.Ж.Ералиева. Факультетте ұзақ жылдар жұмыс істеп, шәкірттердің ыстық ықыласына бөленген ардагер ұстаздарымызды мақтан етеміз: Б.М.Бекетов, С.А.Тұрмаханова, Н.А.Ырсымбетова, А.М.Абишева, С.Н.Елчиева, Ш.К.Арапова, С.К.Камалова, Ф.Б.Алимжанова, Г.А.Телгазиева, К.К.Асанбаева.
   Факультетте еліміздегі ең бай кітапханалардың бірі орналасқан, компьютерлік сыныптары, лингафондық зертханасы, медиатекасы, аудио-бейне жабдықтармен жабдықталған қазақ және орыс тілі кабинеттері бар, 2 мультимедиялық кабинеті бар.
   Филология факультеті қазақ, орыс және шетел филологиясының өзекті мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу орталығы болып табылады.
  Ғылыми жұмыс аясында АҚШ, Қытай, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа елдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстар орнатылған.
 Жыл сайын студенттік конференциялар, студенттік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурстары өткізіледі. Үздік студенттік жұмыстар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің грамоталарымен және дипломдарымен марапатталады. Жас ғалымдар мен студенттердің жыл сайынғы ғылыми конференциясы дәстүрге айналды. Бүгінгі күнге дейін осы факультетті бітірген түлектердің саны бес мыңға жуық.

  Факультет түлектері барлық дерлік оқу орындарында, мерзімді басылымдарда, теледидар мен радиода, баспалар мен шетелдік бюроларда қызмет етеді, көптеген республикалық, облыстық газет-журналдардың редакцияларын басқарады. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы факультеттің есіктері барлық тіл және әдебиет әуесқойлары үшін ашық және бітіргендер оны мақтан тұтады.
   Біздің факультет  өте қарқынды дамып, табысты және сонымен бірге жақсы дәстүрлерді сақтап келеді. Көптеген жылдар бойы жинақталған орасан зор ғылыми әлеует пен тәжірибе және педагог кадрлардың жоғары кәсібилігі факультетімізді бұдан да биік белестер мен жетістіктерге жеткізетініне біз сенеміз.

 

Image

Күнтізбе

Маусым 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.