Жаңалықтар
ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында атап өтілген еліміздің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, магистранттары және студенттері арасында республикалық деңгейдегі
«ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» байқауына Филология факультеті, “Заманауи тілдер және аударматану кафедрасының” Магистр оқытушысы Мүсір Айдана Құдайбергенқызы жетекшілігімен Фи-24-3р1 студенті Оразбақ Аңсар Құдайбергенұлы қатысып, жеңімпаз атанды. Студентіміз I-дәрежелі диплом, төс белгі, және кубогін жеңіп алды.



powered by social2s




