Жаңалықтар

Құрметті студенттер мен магистранттар!
2025–2026 оқу жылынан бастап келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды:
- 6B01730 – Шетел тілі: екі шетел тілі
Негізгі өзгерістер
1. Таңдау пәндері:Жасанды интеллект негіздері – 3 кредит,Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық – 5 кредит,Онлайн-қоғамдастықтар арқылы оқыту әдістерін жетілдіру – 5 кредит,Зерттеу, даму және инновациялар (Lesson Study),Педагогикалық зерттеулер (Action Research)
2. Мазмұнды жаңарту:
- Пәндерде жасанды интеллект, инклюзия, медиасауаттылықтақырыптары қосылады.
- «Педагогика және киберпедагогика» курсы «Қазіргі педагогика» деп өзгертілді.
- «Ағылшын тілі медиасауаттылық үшін» курсы «Медиасауаттылық және жасанды интеллектіні қолдану» деп өзгертілді.
3. Оқу нәтижелері мен құзыреттер:
- Білім беруде жасанды интеллектіні қолдану құзыреттері күшейтілді.
- Мәдениетаралық коммуникация мен инклюзияға баса назар аударылды.
- Сабақ жоспарлау және оқыту әдістемелері бойынша оқу нәтижелері нақтыланды.
Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді.
Сұрақтар туындаса – оқу офисіне немесе білім беру бағдарламасының үйлестірушісіне жүгініңіздер
2. 6B01704 – Шетел тілдері (IP)
Қосылған пәндер:
- Медиасауаттылық және жасанды интеллектті қолдану (3 кредит)
- Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық (5 кредит)
- Lesson Study (4 кредит)
- Action Research (4 кредит)
- Экожүйежәне құқық (5 кредит)
Жаңартулар:
- «Сыбайласжемқорлыққақарсы мәдениет негіздері» пәнінде «Жасанды интеллектіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдану» тақырыбы енгізілді.
- «Әлеуметтанужәнесаясаттану», «Мәдениеттану және психология» курстарына инклюзия, әлеуметтік интеграция және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау тақырыптары қосылды.
Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді.
3. 6B01703 – Ағылшын тілі (IP)
Негізгі өзгерістер. Қосылған пәндер:
- Медиасауаттылықжәнежасанды интеллектіні қолдану (3 кредит)
- Кәсіпкерлікжәнеқаржылық сауаттылық (5 кредит)
- Lesson Study (4 кредит)
- Action Research (4 кредит)
- Экожүйежәнеқұқық (5 кредит)
Жаңартылған мазмұн:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінде «Жасанды интеллектіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдану» тақырыбы енгізілді.
- «Социология және саясаттану», «Мәдениеттану және психология» курстарына инклюзия, әлеуметтік интеграция және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау тақырыптары қосылды.
Түзетулер:
- Қайталанатын пәндер біріктірілді («Экология және ҚТН негіздері» + «Экономика және құқық негіздері» → Экожүйе және құқық).
- «Ғылымизерттеудіжобалау және әдістеме» курсының көлемі 10 кредиттен 7 кредитке қысқартылды.
Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді.
Сұрақтар бойынша – оқу офисіне немесе білім беру бағдарламасының үйлестірушісіне жүгініңіздер.
4. 6B02320 – Аударма ісі
Қосылған пәндер:
- Жасандыинтеллектнегіздері
- Кәсіпкерлікжәнеқаржылық сауаттылық
Жаңартулар:
- Пәндерде жасанды интеллект, инклюзия, медиасауаттылық тақырыптары енгізілді.
- Пәндерге«Кітапханашы-аудармашы» кәсіби стандарты бойынша тақырыптар қосылды.
- «Ағылшынтілімедиасауаттылық үшін» курсы «Медиасауаттылық және жасанды интеллектті қолдану» деп өзгертілді.
Келесі кәсіби стандарттар ескерілді:
- «Аудармашы» және«Кітапханашы-аудармашы»
Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді
5. 6B02330 – Шетел филологиясы
Қосылған пәндер:
- Жасандыинтеллект негіздері
- Кәсіпкерлікжәне қаржылық сауаттылық
- Мәтінділингвистикалықсараптау
- Ізбе-із аудармапрактикумы
- Ауызшааударматеориясы мен әдістемесі
- Ауызша аударма практикасы
Жаңартылған мазмұн:
- Пәндерде жасанды интеллект, инклюзия, медиасауаттылық тақырыптары енгізілді.
- «Ағылшын тілі медиасауаттылық үшін» курсы «Медиасауаттылық және жасанды интеллектіні қолдану» деп өзгертілді.
Оқу нәтижелерін түзету:
- Аударма қызметі бойынша құзыреттер күшейтілді.
- Мәтінді лингвистикалық сараптау және сот-сараптамалық салада жұмыс істеу дағдылары енгізілді.
- Кәсіби дағдыларды педагогикалық стандарттар мен инклюзивті тәсілдерді ескере отырып дамыту.
Жаңартулар ескерді:
- «Аудармашы» және «Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу» кәсіби стандарттары;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа талаптары;
- ЖИ, медиакоммуникация және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи үрдістер.
Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді.
6. 7М02330 – Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация
Негізгі өзгерістер:
- «Жоғары мектеп педагогикасы және психологиясы» пәні қосылды (5 кредит).
Пәндердің атауларына түзетулер:
- «Зерттеу әдістемесі және академиялық жазу» → «Академиялық жазу және жобалық жұмыс»
- «Профильдік пәндерді оқыту әдістемесі» → «ЖОО-дағы шетел тілін оқыту әдістемесі»
Пәндердің мазмұнындағы өзгерістер:
- «Басқару психологиясы» пәнінің көлемі 4 кредиттен 3 кредитке қысқартылды.
- «Аударматанудағы цифрлық технологиялар» және «Компьютерлік лингвистика» курстарына жасанды интеллектіні аудармада, компьютерлік лингвистикада, NLP-де, мәтінді талдау мен мәдениетаралық коммуникацияда қолдану тақырыптары енгізілді.
Жаңартылған оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК):
Оқу нәтижелері:
- Өзгерістер ҚР МЖМБС, жаңа кәсіби стандарттар және жетекші ЖОО-лардың тәжірибесіне негізделген.
- ЖИ қолдануды ескере отырып, пәндер бойынша жаңа әдістемелік материалдар дайындалды.
Сұрақтар бойынша бағдарлама үйлестірушісіне хабарласуыңызға болады.