Жаңалықтар
2025 жылғы 30 сәуірде сағат 17:15-те 332 аудиторияда №7 оқу корпусында "metaphors and idioms" тақырыбында "Research methodology and academic writing" пәні бойынша ашық практикалық сабақ өтті. Ашық сабақты педагогика ғылымдарының кандидаты, "Заманауи тілдер және аударматану" кафедрасының доценті, Швайковский Алексей Сергеевич 7M02330-цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация білім беру бағдарламасының МФ-24 – 1на тобының магистранттарымен өткізді. Сондай-ақ, сабаққа 6В02320-аударма ісі білім беру бағдарламасының ФИ – 22-7р тобының студенттері белсенді қатысты. Сабақ ағылшын тілінде сөйлеудің барлық түрлерін: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазуды дамытуға басым назар аудара отырып, әңгіме түрінде өткізілді. Оқытуды ұйымдастыру үшін "warm-up", "hook", "mind-mapping", "brainstorming", "Odd one out" және т. б. сияқты әдістер қолданылды., сабақта-түсіну тапсырмаларын орындалды, пікірталастар ұйымдастырылды, аударма тапсырмалары орындалды). Жұмыстың бұл түрін коммуникативтік тәсілмен және заманауи технологиялармен ұштастыра қолданып, білім алушыларға қажетті мағлұматты оңай әрі тиімді меңгеруге, қиындықтарды жеңуге, мақсатқа жетуге және оқу міндеттерін шешуге мүмкіндік берді.


powered by social2s