Бітіруші түлектермен кездесу өтті

2018 жылдың  04 маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында, университетімізді бітіруші түлектерді жұмыспен қамту үлесін арттыру мақсатынада,  Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері  және 2017-2018 оқу жылындағы  бітіруші түлектерімен кездесу өтті. Кездесуді ректор аппартының жетекшісі Сабырханов Дархан Сабырханұлы ашып жүргізді.

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директорының орынбасары Мырзахметов Мақсатжан, орталық маманы Төреқұлов Жанұзақ, сектор жетекшісі Әміреева Әлия баяндама жасады. Орталық мамандары презентация мен слайдтарда, Электрондық еңбек биржасы порталы арқылы www.enbek.kz қалай тіркелуді және бос орындарға түйіндеме жіберу жолдарын көрсетті. Жастар практикасы бағдарламасы бойынша ақпараттар берді.


Found a typo? Please select it and press Ctrl + Enter.
CONTACTS

160012, Shymkent City, Tauke khan avenue, 5



Chancellery

(8-725-2) 21-01-41



canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.