«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан жүргізілген Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісінің нәтижесі бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім беру бағдарламаларынан бірінші бестікке 11 БББ, бірінші ондыққа 15 БББ енді.
Бірінші орын қатарына "6В07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы" білім беру бағдарламасы енді.
Бұл біздің жұмысымыздың керемет нәтижесі!
"Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамын және қызметкерлерін аталған жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!


 

 

 

 

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті заман талабына сай білікті мамандарды дайындау мақсатында әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде 2021 жылы желтоқсан айының 6-ы мен 28-і мерзімі аралығында Халықаралық байланыстар орталығы мен Қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Туркия Республикасы (Измир қаласы) «Эге» университетінің профессоры Элиф Эсер Еке Байрамоглының «Былғары өнеркәсібі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың тыңдаушылары «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы.

Курс аясында тыңдаушылар тері шикізатының құрамы мен құрылымы, заманауи тері өңдеу технологиялары және тері шикізаты негізіндегі бұйымдарды дайындау технологияларымен танысатын болады.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.