Жаңалықтар
АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК-ҒЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
М. Ауезов атындағы зерттеу университетінде 01.11.2026 – 14.11.2026 аралығында Малайзияның Путра университетінің (Universiti Putra Malaysia) PhD, профессорлары Шамсудин Роснах және Мұхамад Хазбан Бин Хамзахтың қатысуымен академиялық кездесулер кешені ұйымдастырылды.






Академиялық кездесулер аясында келесі ғылыми бағыттар бойынша мазмұнды лекциялар өткізілді:
Fabricated Food Technology – құрастырылған тағам өнімдерін әзірлеу технологиялары, олардың құрылымдық-физикалық қасиеттері және сапасын бағалау әдістері;
Food Engineering System – тағам инженериясы жүйелері, технологиялық процестерді модельдеу және оңтайландыру;
Food Processing – тағам өнімдерін өңдеудің заманауи технологиялары және олардың тиімділігін арттыру жолдары;
Agricultural Process and Food Technologies – ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу процестері және тағам технологияларындағы инновациялық шешімдер;
Advanced Sustainable Food Processing Engineering – тұрақты даму қағидаттарына негізделген озық тағам өңдеу инженериясы, энергияны үнемдеу және экологиялық қауіпсіздік мәселелері;
Food Industrial Waste Management and Value-Addition – тағам өнеркәсібі қалдықтарын басқару, оларды қайта өңдеу арқылы құнды өнімдерге айналдыру технологиялары.
Талқылаулар ғылыми пікірталас, сұрақ-жауап және нақты зерттеу кейстерін талдау форматында өтті. Магистранттар өздерінің ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша профессорлардан әдістемелік кеңестер алып, зерттеу нәтижелерін талқылауға мүмкіндік алды. Бұл магистранттардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуға ықпал етті.
Қорытындылай келе, профессорлар М.Ауезов атындағы зерттеу университетінің басшылығына және профессорлық-оқытушылық құрамына жоғары деңгейде ұйымдастырылған академиялық қабылдау үшін алғыстарын білдірді. Олар магистранттардың ғылыми дайындығының жоғары деңгейін, танымдық белсенділігін, ғылыми ізденіске деген қызығушылығын және белсенді қатысуын ерекше атап өтті.Сонымен қатар, тараптар алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және болашақта қайта кездесу мәселелері бойынша өзара ниет білдірді. Аталған кездесу екі университет арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың одан әрі дамуына берік негіз қалады деп бағаланды.




