«Инновациялық сессия (Хакатон) «Skils & Taste Hackathon: Бүгінгі шебер-ертеңгі маман» «Қолданбалы мамандықтар фестивалі» өтпек!


Құрметті студенттер, оқытушылар және қонақтар!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті қабырғасында ерекше форматтағы іс-шара —
Инновациялық сессия (Хакатон) және Қолданбалы мамандықтар фестивалі өтпек!
Тақырыбы: «Skills & Taste Hackathon: Бүгінгі шебер – ертеңгі маман»

Бұл - білім мен тәжірибе, шығармашылық пен шеберлік, теория мен практиканың түйіскен алаңы.
Хакатон аясында студенттер мен жас мамандар нақты өмірлік тапсырмаларды шешіп, өздерінің кәсіби және техникалық дағдыларын шыңдай алады. Бұл болашақ мамандарға өзін-өзі дамытуға, топпен жұмыс істеуге және жаңа идеяларды жүзеге асыруға берілетін үлкен мүмкіндік.

Іс-шараның негізгі мақсаты:
  • Қолданбалы мамандықтар бойынша білім алушылардың практикалық қабілеттерін дамыту;

  • Жастардың шығармашылық ойлауын жетілдіру;

  • Командалық жұмыс пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру;

  • Заманауи еңбек нарығына бейімделген болашақ мамандарды даярлау.

Өткізу уақыты мен орны:

  • Күні: 20-21.10.2025

  • Уақыты: 9:00-13:00

  • Өтетін орны: Бас ғимарат, 1,3 этаж

 Егер сенде жаңашыл идея бар болса, немесе өз шеберлігіңді көрсеткің келсе — бұл мүмкіндікті жіберіп алма!

Қатыс! Үйрен! Шабыттан!


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.