Әскери кафедра жаңалықтары
2022 жылдың 11 және 25 қарашасында «М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ әскери кафедрасында, Шымкент қаласының №45 және №3 мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие және ЖОО жетістігін насихаттау мақсатында оқушылармен үгіт насихат жұмысы жүргізілді.
2022 жылдың 11 және 25 қарашасында «М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ әскери кафедрасында, Шымкент қаласының №45 және №3 мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие және ЖОО жетістігін насихаттау мақсатында оқушылармен үгіт насихат жұмысы жүргізілді. ЖОО туралы видеороликтер, әскери кафедраның әскери техникалары мен қару-жарақтары оқушылар назарына ұсынылды және буклеттер таратылды.
2022 жылдың 9 желтоқсанында «М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ әскери кафедрасында, Шымкент қаласының №80 мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие және ЖОО жетістігін насихаттау мақсатында оқушылармен үгіт насихат жұмысы жүргізілді. ЖОО туралы видеороликтер, әскери кафедраның әскери техникалары мен қару-жарақтары оқушылар назарына ұсынылды және буклеттер таратылды.
2022 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында «Күш құрылымдары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде. Бірлескен операцияларды өткізу тәжирібесі» тақырыбында «М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ әскери кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы және барлық күштік құрлымдардың қатысумен Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: бірлескен іс-қимылдардағы күш құрылымдарының бірлескен жұмысының мәнін, деңгейлерін, міндеттерін, әдістерін ашу, бірлескен іс-қимылдар кезінде құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында Әскери кафедраның оқытушылар құрамы мен оқу-көмекші құрамының жазған мақалалары жарияланды.
«Шымкент келбеті» газетінің 2022 жылдың 12 қазанындағы номерінде оқытушы запастағы капитан Кұрманәлі Қайрат Саинұлының «Ел есінде қалатын күн» атты мақаласы жарық көрді.





