Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жаңалықтары
Түлектермен кәсіби бағдар беру жұмысы
Өткен аптада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Шыршық қаласы филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қыбрай ауданына қарасты №1 және №13 мектептерінде бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жүмыстарын жүргізу мақсатында жоспарлы іс-шара өтті. Арнайы іссапармен филиалға ат басын бұрған университетіміздің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының жетекшісі, т.ғ.к., Р. Камалдинов, аға оқытушы А. Үсіпов те айтулы іс-шараға қатысты.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Дария Пернешқызының бастамашылдығымен өткен бұл кездесуде филиал басшысы бауырлас елдегі талапты жастарды іргелі оқу ордасының тұтас тарихымен таныстырып, кешегі мен бүгінгі келбеті жайында, алуан түрлі мамандықтар жайында кеңінен сөз қозғап, білікті білім ошағының тыныс-тіршілігін түсіндірді.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының жетекшісі Р. Камалдинов қандас бауырларды атажұртта білім алуға үндеп, орталық жетістіктері, қабылдауға қажетті құжаттар, тыңдаушыларға жасалған қолайлы жағдайлар турасында кеңінен әңгімеледі.