Өзбекстан Республикасына іссапар

М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек және дайындық орталығының оқытушысы Жұмағұлов Нұркен кәсіби бағдар беру, орталыққа жаңа оқу жылына тыңдаушылар тарту, фаундейшн бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Өзбекстан еліне іссапармен барды. Ауыл-аудандардағы, қалалардағы мектеп-интернаттарына барып, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ын таныстырып, оқытылатын мамандықтарды түсіндірді. Сонымен қатар, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Үсенов Серікбай Назарұлымен де кездесті. Ташкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың филиалына да барып, болашақ Шымкенттегі іргелі оқу ордасында оқығысы келетін жастарға  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.