Тыңдаушылар ҰБТ-ға дайындық сынағынан өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушылары оқу жылы барысында алған білімдерін тексеру мақсатында Шымкент қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығына қарасты "U-Study" мекемесінде компютерлік тестілеумен бақылау сынағынан өтті.

       Талапкерлердің ҰБТ-ға дайындығын шыңдауға септігі тиетін осынау тестілеуге тыңдаушыларды орталық басшысы Камалдинов Рахымбек бастап барып, топ тәлімгерлері де олардың түгелдей қатысуын қамтамасыз етті. Ендеше, атажұртқа білім алуға келген қандастарымызға алдағы сынақтан сүрінбей өтіп, білім грантын иеленулеріне тілектестік білдіреміз.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.