Сатираның саңлағы Жүсіп Ақшорамен кездесу

        Бүгін  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында театр педагогы және режиссёры, сатирик, «Шаншар» театрының әртісі Ақшора Жүсіппен кездесу кеші өтті. Осындай игі шара уақытына сәйкес Қызылордадан тәжірибе алмасу ниетімен арнайы келген Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Рекрутинг» орталығының басшысы Оразмаханов Жандос Шынжырбайұлы мен Тіркеуші офисінің басшысы Абжаев Марат Мәлікұлы іс-шараның қадірлі қонағы болып қатысты.

        Іс-шараны дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек өзі бастап, келген қонақтармен дайындық орталығының тыңдаушыларын таныстырды. Тыңдаушыларымыз жұртқа көңілділік сыйлайтын сатирик Ақшора Жүсіп ағамызға алуан түрлі сұрақтар қойып, оған қызықты жауаптар естіді. Әсіресе, дайындық орталығының тыңдаушысы Адилова Жансая ортамызда мың бұралып билесе, бұрын осы дайындық орталығынан түлеп ұшқан әнші, айтыскер ақын Базарбек Нұржанат домбырамен суырып салған арнау өлеңдерімен бәріміздің көңілімізді тербеді.

        Қызылордалық қонақтар да ортамызда тыңдаушыларға жақсы оқып, болашақта мықты мамандықтарға қабылданып, еліміздің кәделі мамандарының бірі болып шығуға ақыл-кеңес берді. Кездесу соңында дайындық орталығының аға оқытушысы Қасымхан Ғалым Жүсіп Ақшора арнаған отты өлеңін оқыды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.