Қарттар мен жастардың шахмат жарысы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты «Абай» кітапханасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы шахматтан жарыс ұйымдастырды. Оған «Ақ тұлпар» ардагерлер клубы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының ұстаздары мен тыңдаушыларынан құралған «Жас толқын» жастар құрамасы қатысты.

Дайындық орталығының оқытушыларынан: Қасымхан Ғалым, Байтаков Ұзақбай қатысса, тыңдаушыларынан: Есполатов Абай, Есенбеков Бекзат, Жорабеков Бекжан, Амиралиев Мейірбек, Турганалиев Қайнар ойынға белсене кірісті. Сонымен қатар орталық тыңдаушыларының бірнешеуі жанкүйер ретінде ойын алаңына барды.

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп батасын берді. Бас төреші Дәулет Ниязбек бастаған төрешілер қатысушылардың ойынын жіті қадағалап, төрелік етті. Сайыста «Ақ тұлпар» ардагерлер клубының өкілдері басымдықпен алға шықты. Жүлделі бірінші орынды ардагер К.Жұмақов иеленсе, екінші орын Н.Қонысбековке бұйырды. Ал, үшінші орын ардагер А.Ташманов еншіледі. Ойын соңында жеңімпаздар мен ойынға қатысушылар түрлі дәрежелі дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.