Жаңалықтар
Мүшайрада топ жарды
- Қаралды: 374
Жуырда облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Алаш арысы, дауылпаз ақын М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Айды алқа ғып берейін...» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Осынау байқауға біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық фаультетінің тыңдаушылары – жас ақындар Метербай Бақашар, Бауыржан Қайсар, Базарбек Нұржанат та қатысқан болатын.
Байқау қорытындысында белгілі ақын А.Қалшабек бастаған әділ-қазылар алқасы факультетіміздің жас дарыны Б.Метербайдың «Алашқа хат немесе кеше және бүгін» , «Қарлығаш Қаратаудан дарыған» атты жырларын бас жүлдеге лайық деп тауып, тыңдаушымыз арнайы дипломды иеленді.
Сондай-ақ «Арыс үні», «Той салты» өлеңдерімен көпшіліктің көңілінен шыққан Қайсар Бауыржан 3-орыннан көрінсе, Нұржанат Базарбек Алғыс хатпен марапатталды. Біз де өлең өлесіне алғашқы қадамдарын сәтті жасап отырған жас ақындарымызға алар асуларың, шығар биіктерің көп болсын демекпіз.