Жаңалықтар
«ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»
- Қаралды: 63
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және өзекті құқықтық мәселелерді талқылау мақсатында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында М. Әуезов атындағы ОҚУ-де жастарымен кездесу өтті.
Іс-шараға университеттің Басқарма мүшесі-бірінші проректор м.у.а. Құрманғали Сарқұлов, Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дінислам Әлжан, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, подполковник Камилхан Исмаилов, Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Тәрбие және жастар бөлімінің төрағасы, ректор көмекшісі, «Есірткісіз болашақ» қозғалысының мүшесі Данияр Қожабек қатысты.
Басқосуда сала мамандары жастарға заңнамалық нормалар, құқықтық жауапкершілік, экономикалық қауіпсіздік, есірткі қылмысының алдын алу тақырыптарында жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, қатысушылар заң бұзушылықтардың салдары мен олардың қоғамға тигізетін зияны туралы пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.