ЖАС ҒАЛЫМ ТҮЙЕ СҮТІНЕН ІРІМШІК ЖАСАЙТЫН БОЛАДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің келесі «Жас ғалым» грант иегері  - Габрильянц Элеонора Арутюновна.  Ол «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» басымдығы бойынша грантты жеңіп алды. Элеонора Арутюновна түйе сүтінен арнайы қасиеттері бар сүтқышқылды микроорганизмдерді қолдана отырып, жұмсақ ірімшік өндіру технологиясын әзірлеумен айналысады. Түйе сүті ерекше құрамы мен жоғары тағамдық құндылығымен ерекшеленеді, алайда оны ірімшікке өңдеу ғылыми негізделген көзқарасты талап етеді. Сапалы өнім алу үшін әртүрлі сүтқышқылды бактериялардың шығымына, ірімшіктің пісіп-жетілу процесіне, құрылымына, дәміне және биологиялық белсенділігіне әсерін зерттеу қажет. Жобаны іске асыру барысында Түркістан облысы түйе сүтінің құрамы мен қасиеттеріне талдау жүргізіледі, өндірістік маңызы бар перспективалы сүтқышқылды микроорганизмдер таңдалады. Сонымен қатар, жұмсақ ірімшік өндірудің технологиялық процесі оңтайландырылады, ал өнім үлгілері биоактивті пептидтердің түзілуі және олардың соңғы өнім сапасына әсері бойынша кешенді талдаудан өтеді. Жобаның нәтижесінде түйе сүтінен жұмсақ ірімшік өндіру технологиясы әзірленеді, бұл сүт өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге және олардың тағамдық құндылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Элеонора Арутюновнаны құттықтаймыз! Ғылымда жаңа жетістіктер тілейміз!

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.