Жаңалықтар
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЮДА
- Қаралды: 57
М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ, «Тарих және этнология» ҒО ұйымдастыруымен 2024 жылы 3-26 желтоқсан күндері аралығында 144 сағатқа қойылған Өзбекстан Республикасының Ташкент мемлекеттік Шығыстану университеті «Шығыс өркениет және философия» факультетінің Орталық Азия халықтарының тарихы, Шығыс елдері антропология тарихы, Шығыс философиясы және герменевтика кафедраланың профессор-оқытушы құрамы тыңдаушылар қатарына оқуға өтінішін білдіріп, «Гуманитарлық саладағы жаңа ғылыми және ғылыми-әдістемелік жобалар: білім саласына ықпалы» атты гуманитарлы-педагогикалық бағытында ғылыми және ғылыми-әдістемелік тағылымдаманың, ғылыми-зерттеу тәжірибесінде 9-10 желтоқсан күндері арнайы оффлайн форматында «Ғылымның ашық моделі – білім алушылары мен жастар арасында ғылымды дәріптеу» ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді.
Тағылымдама және ғылыми семинар аясында өзбек бауырлас делегациясы Қазақстандағы «Археологиялық және антропологиялық зерттеулер» ҒО ғалымдары - атақты академик, антрополог О.Смағұлұлын, аға ғылыми қызметкер А.Оразаққызының, археолог А.Авизованың, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі Г.Отарбаеваның, «Тарих және этнология» ҒО басшысы Ш.Торгаутованың, аға ғылыми қызметкер және «Қазақстан тарихы» кафедрасының доцент С.Кәрібаевтың, «Түркітану» ҒО басшысы Н.Мыңбаевтың зерттеулерімен танысты. Сондай-ақ «Ақпараттық оқу орталығының» кітапхана қорын, «Мұхтартану», «Абайтану» ҒО-ын аралады.
Делегацияны бастап келген «Шығыс өркениет және философия» факультетінің деканы, PhD доктор - М.Аскаров, т.ғ.д., профессор А.Дониёров, т.ғ.д., профессор С.Шадманова, Н.Каримова және т.б., профессор-оқытушылар өз ризашылдығын білдіріп, ғылыми, оқу үрдісінің жаңалықтарымен таныстырып, университет кітапханасына жаңа академиялық басылымдарды табыстады, доктораттармен магистранттарға жаңа академиялық жобаларда ұсынысқа түсті.
2024 жылы 6 қарашада Түркі мемлекеттерінің ұйымы негізінде қойылған 7 құжаттың ішіндегі «Түркі әлемі» хартиясы шешімінің негізінде Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығы нығаюда. Осыған орай геосаяси және этномәдени, контекстінде шығыстану бағытындағы ғалымдар үшін тарихи маңыздылығы бар жаңа белестермен, жаңа жобалардың жолы ашылды. Оның ішінде: этнологиялық терминдер, Орталық Азия халықтарының тарихындағы қытай жазба деректер, этнотуризм саласындағы риштан керамикасы, ұлттық кодтағы түркілік тайпалардың өркениеттік маңыздылығы, Хива және Қазақ хандығындағы қарым-қатынастар және тағыда басқа жобалар алдағы 2025 жылы іске асыруға екі тараптық мақсатқа қойылды, ал ғылыми ықпалдастықта «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналына ғалымдардың мақалалардың саны көбейді.