Жаңалықтар
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ СИЛЬВАН ГИОГЕМЕН ҚОНАҚТА БОЛДЫ
- Қаралды: 49
Франция – Қазақстанның Еуропа одағындағы жақын әрі сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас 34 жылдың ішінде стратегиялық сипатқа ие болды. Алдағы уақытта екі елдің жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық нығая түседі. Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен болған кездесуде айтылды.
Алдымен шет елдік делегация құрамы оқу ордасындағы Шымкент Француз альянсында болып, оның жұмысы, жоспарларымен танысты. Ары қарай екі жақты кездесуде білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мәселесі сөз болды. Университеттің басшылық құрамы
интернационалдандыру, академиялық ұтқырлық, қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру, оқытушыларды тағылымдамадан өткізу бағытындағы жұмыстарды жандандыру бойынша ұсыныстарын айтты.
Елші Сильван Гиогемен университет тарапынан берілетін қолайлы ұсыныстар мен келісімдерге қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында қос тарап бір-біріне естелік сыйлықтарын табыстады.