Жаңалықтар
ГРОЗНЫЙ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
- Қаралды: 95
Академик М.Д. Миллионщиков атындағы Грозный мемлекеттік мұнай техникалық университетінде «Заманауи құрылыс материалдары, технологиялары мен конструкциялары» атты III Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтуде.
Ғылыми-техникалық конференцияның мақсаты – құрылыс индустриясын дамытудың теориясы, технологиясы, әдіснамасы мен практикасының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикалық пайдаланудың жолдары мен перспективаларын талқылау.
Конференцияға М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың т.ғ. д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, «Жаратылыстану-техникалық ғылымдар» ҒЗИ директоры Айменов Жамбыл Талхайұлы қатысты.
Конференция аясында Грозный мемлекеттік мұнай техникалық университеті Ректоры М.Минцаев пен М. Әуезов атындағы ОҚМУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Мұндай уағдаластық екі елдің техникалық ғылымдары мен мұнай ісін одан әрі дамытуда жаңа көкжиектерге жол ашады.