Жаңалықтар
«ЖАС ҒАЛЫМ» КОНКУРСЫ – ЖАСТАРДЫ ҒЫЛЫМҒА АПАРАР ЖОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
- Қаралды: 341
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылымның бүгінгі дамуы – елдің ертеңгі табысының кепілі. Қазір ұлттық ғылымды жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті. Отандық өндірісті өркендету үшін ғылыми инновациялар, жаңалықтар қажет» деп атап өткен болатын. Auezov University жоғарғы оқу орындары арасында мемлекеттің инновациялық дамуына және отандық ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосуда. Ғылымды дамытуда ауыз толтырып айтатын бағыттардың бірі – ғылыми жобалар. Университеттің жас ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелері ғылымның дамуына лайықты үлесін қосуда.
24 сәуір күні Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Сәуір айы –ғылым айы» іс-шаралар аясында «Жас ғалым» конкурсы - жастарды ғылымға апарар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге университет жас ғалымдары мен қонақтар қатысты.
Дөңгелек үстелге Жобаларды экономикалық координациялау бөлімінің басшысы Оралбайұлы Ержан модераторлық етті. Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры П.Ж. Парманкулова өз сөзінде Auezov University жас ғалымдары жобаларының қаржы көлемі 396 млн. теңгені құрап отырғандығын, «Жас ғалым» жобасы аясында 4 жас ғалымның докторлық диссертациясын қорғағандығын және Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Отбасы банкімен» бірлесіп 2023 жылы іске қосқан жас ғалымдарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы бойынша 8 жас ғалымның үйлі болғандығын айтып өтті. «Жас ғалым» грант иегерлері Б.М.Смайлов, Б.Б.Туракулов, Ж.Серікұлы, Х.Х. Таджиев, З.И.Багова, А.Асылханқызы өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Дөңгелек үстел жас ғалымдар үшін көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алған, ашық микрофон форматында ұйымдастырылған пайдалы іс-шара болды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз