Жаңалықтар
International Education Fair — 2018
- Қаралды: 390
2018 жылы 22, 23қаңтарда Риксос Хадиша Отель (Шымкент қ.) Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің және «Болашақ» халықаралық бағдарламасы орталағының - Халықаралық білім беру көрмелерін өткізу аясында «International Education Fair — 2018» халықаралық білім көрмесі өткізілді, онда шамамен 100 шетелдік ЖОО, білім беру агенттіктері және Қазақстанның отандық жоғары оқу орындары қатысты. Берілген іс-шараның мақсаты болашақта дүниежүзілік білім беру кеңістігін интеграциялауды, шетелдік білімді популяризациялау, сонымен қатар халықаралық білім беру жобаларын іске асыру тәжірибесімен алмасу мақсатында білім беру саласындағы халықаралық қарым-қатынас аясын кеңейту болып табылады. Көрменің салтанатты ашылуы Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ж.Мелдешовтың алғы сөздерінен басталды. Өз сөзінде облыс әкімі, дүниежүзі мамандарын біріктіретін диалогты және демонстрация алаңы болып табылатынын атап кетті, сонымен қатар бұл серіктестік қарым-қатынасты реттеудің, сонымен қатар білім беру саласында тәжірибе алмасу мен жетістікті, жемісті жұмысқа қажетті перспективті бағыт таңдаудың бірден-бір мүмкіндігі болатынын атап кетті.
Оңтүстік өңірді көрсететін белсенді жоғары оқу орындарының бірі болды. Көрменің 2 күндік жұмыс барысында университеттің өкілдері мектеп оқушылары мен абитуриенттерге, сонымен қатар М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқуға түсу және оқу бойынша ақпарат алуға қызығушылық танытқандарға кеңес берді. Қазақстандық жоғары орындар үшін көрме аясында «Оқытудың инновациялық әдістері» және «Екі диплом бағдарламасы: шетелдік ЖОО тәжірибесі» тақырыптары бойынша шетелдік эксперттер мен қызметкерлердің қатысуымен оқыту тренингтері өткізілді, содан соң М.Әуезов атындағы ОҚМУ шамамен 30 оқытушысы мен қызметкерлеріне қатысуы жайлы сертификаттар берілді.
В2В-кездесу алаңында М.Әуезов атындағы ОҚМУ Мичиган мемлекеттік университеті, Чехия жаратылыс ғылымдары университеті, Венгрия ветеринариялық медицина университеті сияқты ЖОО өкілдерімен кездесті.
Келіссөздер нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен шетелдік серіктестер арасында келісім шарттар жасалды.