Жаңалықтар
"ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ" ОНЛАЙН КУРСЫ
- Қаралды: 315
2024 жыл қаңтар айының 8-і мен 19 аралығында қосымша білім беру орталығының дәстүрлі «Заманауи оқыту технологиялары» курсы өтуде. Курс аясында тыңдаушылар «Студентке бағдарланған білім беру, оқыту, бағалау, негізгі принциптері», «ЖОО оқу процесінде оқу және жазу арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту технологиясы», «Университеттің білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз ету», «Білім беруді трансформациялау трендтері: оқытушының әсері мен ролі», «Инклюзивті білім беру негіздері. Білім берудегі практикалық психология», «Оқу контентінің нақты кәсіптік міндеттермен байланысы, Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, оқу бағдарламаларын қайта жаңғырту», «ЕСТS білім беру бағдарламаларын даярлау, жүзеге асыру, мониторинг жасау және сапасын қамтамасыз ету құралы» модульдері бойынша біліктіліктерін арттырып, кәсіби шеберліктерін шыңдайтын болады.