Жаңалықтар
Франция мемлекетінің Қазақстандағы Бас консулы Фабрис Неве университетімізде
- Қаралды: 697
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Француз Альянсының 5 жылдық мерекесіне орай Франция мемлекетінің Бас консулы Фабрис Неве, аймақтық ынтымақтастық атташесі – Ксавье Ле Торривеллек және мәдениет бойынша атташе Алекс Бортоланмен кездесу өтті. Университет басшылығымен кездесу барысында бірінші проректор Нұрманбетов Қайрат Энбекшиевич университетіміздің жетістіктерін және студенттердің Француз тілін үйренудегі аса үлкен құлшынысы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, Басқарма төрағасы-Ректор Қожамжаров Дария Пернешқызының қазіргі сәтте Франция мемлекетінде Европалық жоғары оқу орындары басшыларымен академиялық ұтқырлық, кәсіби тәжірибе алмасу және т.б. маңызды мәселелер туралы келіссөздер жүргізіп, меморандумға қол қойып жатқандығы туралы айтып өтті. Атташе Алекс Бортолон өз сөзінде екі ел президенттерінің маңызды келіссөз жүргізіп жатқандығын және екі елдің ғылым және жоғары білім министріліктері арасында «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында Франция мемлекетінде білім алу үшін жоғары оқу орындары санын көбейту туралы келіссөздер жүріп жатқанына тоқталды.
Сондай ақ, Франция мемлекетінің өкілдері университетіміздің студенттеріне Франция мемлекеті шет ел студенттерінің саны бойынша әлем бойынша 5 орында екендігін және француз тілінің 300 миллионға жуық қолданушы бар екендігін айтып өтті. Франциядағы жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін барлық мүмкіндіктерін барын және қолайлы жағдайлар жасалғанын түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында университетіміздің білім алушылары қызықтырған сұрақтарына жауаптар алып, естелікке суретке түсті.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз