Жаңалықтар
Эрасмус+ бағдарламасы бойынша «Жоғары жылдамдықты темір жолдардағы экономика, экология және инфрақұрылым (EEIHSR)» жобасы аясындағы жоба тобының М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне іссапары
- Қаралды: 450
2022 жылғы 10-12 қазан аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Эрасмус+ бағдарламасы бойынша «Жоғары жылдамдықты темір жолдардағы экономика, экология және инфрақұрылым (EEIHSR)» жобасы шеңберінде еуропалық және Қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарының делегациясы келді, мақсаты М. Әуезов атындағы ОҚУ қатысушыларымен жобалық кездесулер өткізу болды.
Есептік кездесулер шеңберінде ОҚУ-нің жоба қатысушылары жобаның нәтижелерімен, жаңа модульдерді әзірлеу және оны енгізу, сонымен қатар магистранттардың "Жоғары жылдамдықты теміржол-жылжымалы құрамы" модулі шеңберінде "Open TRACK" бағдарламаны практикалық сабақтарда пайдалану және жұмыс жасау үдерісімен бөлісті. Іссапар барысында, Дрезден техникалық университеті және Катовице экономикалық университетінің профессоры Яцек Шольтисек и Мартин Соммер студенттер және магистранттармен кездесіп, жоғары жылдамдықты теміржол және инфрақұрылымның еуропалық тәжірибесі саласында дәрістер өткізді. Бағдарламаның екінші күні, оңтүстік өңірдің теміржол саласындағы Университетіміздің серіктес кәсіпорындарымен кездесуге және танысуға арналды.
Кездесу соңында, Дрезден техникалық университетінің жоба бойынша жетекші үйлестірушісі Шиао Джанг Эрасмус+ бағдарламасы бойынша «Жоғары жылдамдықты темір жолдардағы экономика, экология және инфрақұрылым (EEIHSR)» жобасы аясында ОҚУ-тінің қатысушыларына жобаға қатысу және қарқынды оқытудан өткені туралы арнайы сертификаттар табыстады.
Естеріңізге сала кетейік, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті "Көлік тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру" кафедрасы жанынан 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан Эрасмус+ бағдарламасы бойынша «Жоғары жылдамдықты темір жолдардағы экономика, экология және инфрақұрылым (EEIHSR)» жобасының қатысушысы болып табылады.
Қазіргі таңда жобаға: Мадрид политехникалық университеті (Испания), Катовице экономикалық университеті (Польша), Көлік және логистика академиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, (Қазақстан), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Қазақстан) қатысады.