Достар! Бүгіннен бастап жатақханаға орналастыру басталғанын хабарлаймыз!

Биыл қабылдау онлайн түрде өтеді. https://dorm.auezov.edu.kz/ru  сілтемесі бойынша тіркеліп, бөлмені, орынды да өзіңіз таңдай аласыз.
Жатақханаға орналасу бойынша онлайн өтініш жіберген соң, электронды ордер сіздің жеке

кабинетіңізге жіберіледі. Сол арқылы бірден жатақханаға орналаса аласыз.

Студенттердің өтініштерін қабылдап біткен соң, арнайы комиссия студенттердің әлеуметтік жағдайына және 1-курс студенттеріне басымдық беріліп, жатақханадан орын беріледі.

Күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін секциялық типіндегі жатақханада тұру құны жылына 70 мың теңгені, дәліз типіндегі жылына 60 мың теңгені құрайды.

4-інші және 5-курс студенттері мен магистранттар №7 жатақханада (Ильяев көшесі, 12/1) орналасады. Ордер алу үшін Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға келу керек (Бас ғимарат, 256-каб)

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.