Құрметті әріптестер! Бізде жақсы жаңалық бар!

Құрметті әріптестер!
Бізде жақсы жаңалық бар! 
       Пәндер бойынша университеттердің әлемдік кәсіби рейтингінің Rank Pro by subject - 2022 (Worldwide Professional University Rankings) нәтижелерін жариялады.
 
   Қазақстан бойынша Rank Pro by subject-2022 пәндік рейтингісіне тек үш ЖОО қатысты: М. Әуезов атындағы ОҚУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби Атындағы ҚазҰУ.

ЖОО

Пәндер

Орын

М.Әуезов атындағы ОҚУ

Химия ғылымдары

301-350

М.Әуезов атындағы ОҚУ

Биология ғылымдары

351-400

М.Әуезов атындағы ОҚУ

Математика

351-400

М.Әуезов атындағы ОҚУ

Инженерия және технология

351-400

 

М.Әуезов атындағы ОҚУ   "Химия ғылымдары", "Математика", "Биологиялық ғылымдар", "Инженерия және технология" бағыттары бойынша пәндік рейтингке енген Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны.
"Химия ғылымдары" пәні бойынша университет екінші рет қатысып, 2022 жылы әлемнің ТОП 301-350 ЖОО-на кіріп, өз позициясын 100 орынға жақсартты.
«Математика», «Биология ғылымдары», «Техника және технология» пәндері алғаш рет қатысуда. Әлемдік университеттердің кәсіби Rank Pro by Subject -2022 (Worldwide Professional University Rankings) рейтингісінде университет барлық үш пән бойынша ТОП 351-400 кірді.
Ұжымды әлемдік қоғамдастықтың жоғары бағалауымен тағы да құттықтаймыз.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.