Жаңалықтар
Шетелдіктер саяхаты
- Қаралды: 422
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында қазақ тілін үйреніп жүрген америкалық тыңдаушыларды орталық оқытушылары Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Шымкент қалалық әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығына саяхаттатып алып барды.
Шетелдік тыңдаушылар қазақ халқының бірнеше ғасыр бұрынғы қолданған тұрмыстық заттарын көріп, таңырқап та, тамсанып та қарады. Сонымен қатар, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді қызыға тыңдап, камзол, сәукеле, үкілі тақия секілді әртүрлі киім-кешектер мен батырлар қолданған қару-жарақтарды көргендегі таңданыстары мен тебіреністерін әңгімелеп берді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз