Жаңалықтар
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.
- Қаралды: 527
17 қазан 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың №9 оқу ғимаратының акт залында Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша арнайы сала мамандарының қатысуымен студент жастар арасында кездесу өтті. Іс-шараны Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Е.Р. Байқонысов ашты. Бірінші сөз кезегін Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушысы М.Қ.Ержігітов алды. Өз сөзінде ол студент жастарға: «Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды» және «Біз терроризмге қарсы заңдарды» жүзеге асыруымыз тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек. Діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерін болдырмау арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық адамзаттың маңызды міндеті. Қорытынды сөзді Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Е.Р. Байқонысов алып, студенттер қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүйесін жетілдіруді талап етті.