Бүгін 2021 жылдың 26 қараша күні, Шымкент қаласы, Облыстық бейнелеу өнері музейінде «МӘДЕНИ МҰРА» атты халықаралық суретші-педагогтер симпозиумының жабылу салтанаты өтті.

Бүгін 2021 жылдың 26 қараша күні, Шымкент қаласы, Облыстық бейнелеу өнері музейінде «МӘДЕНИ МҰРА» атты халықаралық суретші-педагогтер симпозиумының жабылу салтанаты өтті.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бірінші проректоры Қ.Е.Нұрманбетов сөз алып, симпозиумның жабылуымен құттықтап, бұл іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратынын жеткізіп, жүлделі орындарға ие болғандарды марапаттады.

Гран-при жүлдесін Қ.А.Ясауи атындағы, ХҚТУ «Бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушысы Рысымбетов Ержан Курбаналиевич иеленді. Осыған қоса 1-ші орын (С.Жорабеков – М.Әуезов атындағы ОҚУ), 2-ші орын екеу (Е.А.Иманбакиев - Абай атындағы ҚазҰПУ«Өнер, мәдениет және спорт» институты оқытушысы; Т.Р.Жуванышев - Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ «Өнер және музыка» кафедрасының аға оқытушысы) және 3-ші орын үшеу (А.К.Кабылбеков - Павлодар облысы, Ақсу қаласы, М.Қабылбеков атындағы орта мектебі мұғалімі, С.Б.Бодан, С.А. Аманжол - Абай атындағы ҚазҰПУ«Өнер, мәдениет және спорт» институты оқытушылары) иегерлерін марапаттап, шығармашылық табыс тіледі.

Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі директоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі А.Оспанов, ҚР Суретшілер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Н.Шилібаев, Қазақстан көркем академиясының Түркістан ұйымы төрағасы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қ.Жақып өз ұйымдары атынан симпозиумға қатысушыларды дипломдармен марапаттап, өз альбом, каталогтарын сыйға тартты.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, «Қазына» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуінде ХОР және жеке әншілер ән шырқап, «Қаракөз» би ансамблінің 50 бишісі бұралып би билеп, Киім дизайны мамандығының студенттерін өздері дайындаған киім жиынтықтарын сахнаға шығарды.
Осылай жақын, алыс шет елдерден және еліміздің түкпір-түкпірінен келген суретші-педагогтар өте көтеріңкі көңіл күйде, тағыда ораламыз деп тарасты.
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.