Кәсіптік бағдар беру жұмыстары Түркістан облысы Сарыағаш ауданы

        Түркістан облысы Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі  және «№39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бірлесіп, 9-11 сынып оқушыларына арналған «Колледж және университетпен танысу» тақырыбында кәсіби бағдар жұмыстары бойынша оффлайн режимінде білім беру көрмесін ұйымдастырылды. Іс-шараға Сарыағаш қаласы мен Құркелес ауылдық округіне қарасты мектеп түлектері және Түркістан облысы, Шымкент, Алматы, Орал, Өскемен қалаларындағы университеттер мен колледждер қатысты. Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Тұрғанбай Ахметоы және мектеп директоры Мухдин Мамараимов көрмені ашып, университеттер және колледждерден келген өкілдерді таныстырды. Аталған іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті  кәсіби бағдар беру орталығының Маркетинг және кәсіптік бағдарлау бөлімінің басшысы Отарбаев Н.Ш. қатысып, мектеп түлектері мен ата-аналарға университет ақпарат берді. 

           Іс-шара соңында мектеп директоры М.Мамараимов М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымына белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хат» табыстады.

 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.