Жаңалықтар
Ресми іс-сапар
- Қаралды: 518
2015 жылдың 27- ші қазан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға ресми іс-сапармен Қазақстан Республикасындағы Словак Республикасының төтенше және өкілетті елшісі – Петер Юза, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы Словак Республикасы және Чех Республикасы жобаларының басшысы – Копфштайн Антонин, ОҚО бойынша Словакия Республикасының Құрметті консулы лауазымына үміткер – Докучаев Юрий және Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы Словакия Республикасы мен Чех Республикасының жоба үйлестірушісі – Адилханулы Нурлан келді. Сапар барысында «Экономика және қаржы», «Құқық және халықаралық қатынастар» факультеттерінің студенттері мен магистранттары, оқытушылар құрамы қатысқан лекция өтті, сонымен қатар Петер Юза Словак Республикасы туралы мәліметпен таныстырды. Сапар мақсаты университетпен танысу және университет басшылығымен, студенттерімен, магистранттарымен, профессор-оқытушылар құрамымен кездесу болып табылды. Халықаралық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және дәрістер өткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы Словак Республикасының төтенше және өкілетті елшісіне М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің құрметті профессоры атағы беріліп, дипломмен марапатталды.