Жаңалықтар
ШӘКІРТАҚЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
- Қаралды: 354
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың бірінші қаңтарынан студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өсетінін мәлімдеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру орындары студенттерінің де шәкіртақысы 25%-ға артатын болады. «Менің тапсырмам бойынша, Үкімет 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта арнаулы білім беретін колледж студенттері шәкіртақысын да 25 пайызға өсіреді», - деді ҚР Президенті.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап жұмысшы мамандықтағы 122 мың білім алушының шәкіртақысы 30%-ға ұлғайтылған. Ал, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге, ал өте жақсы оқитын студенттердің шәкіртақысы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге көтеріледі.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап базалық деңгейде бакалавр дәрежесінде білім алушылардың шәкіртақысы 20 949-дан 26 186 теңгеге, магистратура шәкіртақысы - 53 530-дан 66 913 теңгеге және докторантура шәкіртақысы - 81 998-ден 102 498 теңгеге көтерілмек.