Жаңалықтар
Түркістан Жоғарғы Аграрлық Колледжіне экскурсия
- Қаралды: 450
М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры т.ғ.д., профессор Д.П. Қожамжарованың бастамасымен ӘШҚ жөніндегі департамент директоры м.а. О.А. Акимжанов, бас инженер М.Т. Суранкулов, АШҒ ЖМ деканы Ә.К. Жылқыбаев, «Агротехнология» кафедрасының меңгерушісі Г.И. Елибаева, «Ветеринарлық клиникалық диагностика» кафедрасының меңгерушісі И. А. Тұтқышбай., профессоры Б.К. Ильясов және «Су ресустары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының доценті Н.Т. Манабаев Түркістан Жоғарғы Аграрлық Колледжінің оқу базасында кәсіби бағдар ісін дамыту мақсатымен экскурсиялық кездесу ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында Д.П. Қожамжарова әрбір аудиторияға кіріп, студенттермен жеке сұхбат құрды. Пікір алмасу барысында еліміздегі көптеген маңызды экономикалық даму басымдықтарға ауылшаруашылығы негіз болып келетіндігін түсіндірді. Аталмыш Түркістан Жоғары Аграрлық Колледжіне мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқаны көрінді. Атап айтқанда, 5 га жер телімінің едәуір бөлігі аграрлық салаға, оның ішінде бау-бақша, жүзімдік, көкөніс және басқа дақылдар егістері алып жатыр. Осы жерде интенсивті жеміс бауда ағаштардың арнайы әдіспен өсіріліп жатқаны көзге түсті.
Сондай-ақ, оқу базасында мал шаруашылығы саласы да айтарлықтай орын алған.
Дария Пернешқызы оқу базасын жоғары бағалап, келешекте аталмыш Жоғары Колледж бітірушілері біздің М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да осындай жоғары дәрежелі оқу-ғылыми өндірістік базасында білім алуын жалғастыруға барынша мүмкіндік беру керектігін университеттің оқытушы-профессорлар құрамына атап айтты.