QS WORLDWIDE 2019

2019 жылы 18 қыркүйекте "QS WORLDWIDE 2019" – "Journey to Global Prominence: Harmony of Human Heritage and Advanced Technology" Халықаралық білім беру форумының салтанатты ашылуы қарсаңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Малазиядағы жеке университеттерінің арасындағы көшбасшы болып табылатын “Universiti Teknologi Petronas” Малазия университеті мен ынтымақтастық  туралы  меморандумға қол қою рәсімі өтті.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры – тар.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Қожамжарова Д.П. және “Universiti Teknologi Petronas” Малазия университетінің ректоры, доктор, профессор Мохамед Ибрахим Абдул Муталиб пен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісті және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды, білім алушылар, профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері үшін алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруды, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларды өткізуді көздейді.

Осы Меморандумға қол қоюы әлемнің жетекші университеттерімен тығыз және көпжақты байланыс орнатуға мүмкіндік жасайды, университеттің жетістіктері мен әлеуетін көрсетуі - халықаралық деңгейде интернационализациялау процессіне  серпін береді. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.