“E-S Talks (Education and Scientific Talks)”

2019 жылдың 10 сәуірінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жас педагог-ғалымдардың «E-S Talks (Education and Scientific Talks)» кездесуі өтті. Бұл кездесуді Қазақстанның жас педагог-ғалымдары қауымдастығы мүшелері ұйымдастырды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен бұл кездесуге Ғылыми-зерттеу басқармасының Ғылыми және басылымдық қызметі интеграциясы бөлімінің басшысы – Айнабеков Нұржан Бауыржанұлы қатысты. Кездесу барысында “7 T-UP” (Seven Technologies-up) технологиялары таныстырылды. Жаңа ұрпақты ғылымға және білімге үйрету мен тәрбиелеудің осы жаңа тәсілдерін кездесу қатысушылары белсенді талқылады.

Іс-шара барысында қазіргі кездегі ғылымның өзекті мәселелері және тұтастай алғанда жас зерттеушілердің проблемалары талқыланды. Кездесу қатысушылары кейбір нақты сұрақтарды бойынша тәжірибе мен ұсыныстар алмасты.

Қатысушылардың барлық ұсыныстары қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізе отырып белсенді талқыланды. Қорытынды шешімдер осы іс-шараның нәтижесі туралы қарарға енгізілді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.