Жаңалықтар
ЭРАЗМУС+ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША АУДИТ
- Қаралды: 397
2019 жылдың 11-12 наурызында ОҚМУ-да ЭРАЗМУС+ бағдарламасының «Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші деңгейдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеудің интернационализациялаудың дамуы» C3QAжобасы аясында IQAA-дан «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» докторантура білім беру бағдарламасын аккредиттеу аудиті жүргізілді. Сарапшылар тобы Universite Jean Moulin Lyon III (Франция), Uniwersytet Jana Kochanowskiego W Kielcach (Польша), Қ.Сатпаева атындағы ҚазҰТУ, Назарбаев университеті,Дулати атындағы ТарМУ академиялық құрамынан, жұмыс беруші және студенттен, National Center for Professional Education Quality Assurance Foundation (ANQA, Армения)сапа бойынша агенттік өкілінен, құралған. Келешекте жұмыстарыңыздың жемісті болуын және жаңа жетістіктер тілейміз!