Жаңалықтар
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілі Нурманов Алтай Нурланұлымен брифинг өтті
- Қаралды: 473
2019 жылдың 8-ші ақпан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілі Нурманов Алтай Нурланұлымен брифинг өтті. Брифинг өткізудің мақсаты университеттің бітіруші курс студенттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына қатысу ережелері мен шарттарын түсіндіру. Кездесу барысында Алтай Нұрланұлы М. Әуэзов атындағы ОҚМУ-дың стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректоры Т.П. Раимбердиевпен кездесіп, ғылыми тағылымдамалар мен шетелде білім алу мәселелеріне қатысты мәселелер талқыланды.
Брифинг кезінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілі брифинг қатысушыларына бүгінгі күнгі конкурстың өту тәртібін, негізгі іріктеу ережелерін, өзгерістері мен жаңалықтарын, бағдарламаның мақсаты мен құжаттарды қабылдау мерзімдерімен таныстырды. Нурманов Алтай ағымдағы жылы «Болашак» халықаралық стипендиясының конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдауға байланысты нормативтік-құқықтық актілерге бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап айтты. Биыл 555грант бөлінді.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» стипендиясынан басқа үкіметаралық грант пен шетелдік серіктес-ЖОО атынан гранттар ұсынады. Сондай-ак, негізгі жаңалық ол түлектердің жұмыспен өтеуін жүзеге асыру қағидаларына қатысты өзгерістер. Конкурстың өтуі мен енгізілген жаңалықтар жайлы ақпаратты www.bolashak.gov.kz «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайтынан алуға болады.
Сондай-ақ, Нурманов Алтай Ресей Федерациясының гранттық бағдарламалары жайлы және үкіметаралық келісімдер аясында Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясының 30-ға жуық жоо-да оқу үшін 10 мың грант бөлінгенін айтты.
Жыл сайын университетіміздің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына белсенді қатысады және магистратура және ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары бойынша әлемнің жетекші ЖОО-на барады.