М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбектің «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты мақаласы «Қазақстан жолы» газетіне жарияланды.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

         Ел Тәуелсіздігін сақтау – маңызды міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде азаттықтан қымбат, егемендіктен қастерлі құндылық жоқ екендігін баса айтып, тәуелсіздік тарихында  алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болған халыққа  басу айтты. Ел басына түскен  сынақты қайыспай сабырмен қарсы алып, біртұтас ел, бірлігі бекем жұрт екенімізді көрсетуге үндеді.

Сондай-ақ ел алдында тұрған маңызды міндеттерге де тоқталып, азаматтарды тұрғын үймен, оқумен қамтамасыз ету,  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау үшін шұғыл шаралардың қолға алынып жатқанынан да жұртшылықты хабардар етті.

        Мемлекет басшысының  айтуынша,  алдағы  күнде  еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыру жүзеге асып, заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту басты бағдарымыз болмақ. Яғни, кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды. Бұл тарапта Президентіміздің бизнестің өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қоюы да құптарлық қадам болды десек, артық айтқандық болмас.

        Тәуелсіздік  – біздің басты байлығымыз, баға жетпес құндылығымыз. Тәуелсіздік  – тәуекел еткеннің ғана маңдайына жазылатын бақыт. Сондықтан тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз бекем болсын дегіміз келеді.



Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.