«Исатай Тайманұлына арналған іс-шара өтті»

13 қазан күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орай Абай атындағы орталық кітапханада кітапхана ұжымы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының ұйымдастыруымен «Парасат жолы» аясында «Арыстан еді-ау, Исатай!» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараға кітапхана ұжымы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының оқытушылары мен тыңдаушылары қатысты. Дайындық орталығының аға оқытушылары Гүлнар Сейдахметова мен Байтақов Ұзақбай сөз алып, Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жайында кеңінен тоқталып, көтерілістің негізгі себептерін тыңдаушыларға түсіндіріп, Тәуелсіздіктің оңайлықпен қолға келмегенін әңгімеледі. Дайындық орталығының аға оқытушысы Ғалым Қасымханұлы Тәуелсіздік пен батырлар жайындағы ой толғаныстарын өлеңмен жеткізді.

Дайындық орталығының өнерлі тыңдаушылары Исатай Тайманұлына арналған Махамбет Өтемісұлының жырларынан оқып, сазды күй шертіп, би өнерлерін де көрсетті.

Абай атындағы орталық кітапхана ұжымы Исатай Тайманұлына қатысты кітаптар мен суреттерден құралған көрмелерін оқырман қауыммен таныстырып өтті. Кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі Сұлтанбек Раушан Тастанқызы Тәуелсіздік үшін күрескен батыр бабаларымыз бен бүгінгі Егемендігіміздің бақытты бейнесі жайында айта келіп, Дайындық орталығының іс-шараға атсалысқан ұстаздары мен өнер көрсеткен тыңдаушыларына ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттарын табыс етті.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.