Жаңалықтар
М. Әуезов университетінің магистранты Гульнар Ташанова «Таң Нұры» бағдарламасында психологияның өзекті мәселелері бойынша сұхбат берді
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университеті, “Жалпы педагогика және психология” кафедрасы,
7М030130 – «Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Ташанова Гульнар Таламовна Оңтүстік телеарнасының «Таң Нұры» таңғы бағдарламасына арнайы қонақ ретінде қатысып, психология саласындағы өзекті мәселелер төңірегінде сұхбат берді.
Сұхбат барысында күнді тиімді бастаудың маңыздылығы, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, әйелдердің психологиялық ерекшеліктері мен эмоциялық жағдайлары туралы құнды пікірлер айтылды. Сонымен қатар, ер азаматтардың отбасындағы жауапкершілігі, тұлғалық мотивация мәселелері, адамның ішкі әлеуетін ашу жолдары кеңінен талқыланды.
Бағдарламада Сюцай ғылымының ерекшеліктері, баланың табиғи қабілеттерін ерте анықтап, соған сәйкес бағыт-бағдар берудің маңыздылығы да сөз болды. Магистрант әр адамның жеке күн тәртібін жоспарлап, жазып жүруінің тиімділігіне тоқталып, таңғы серуен мен жаяу жүрудің денсаулық пен психологиялық әл-ауқатқа оң әсерін атап өтті.
Сұхбат соңында әрбір адамның өзіне ұнайтын іспен айналысуы оның өмір сапасын арттырып, ішкі үйлесімділік пен табысқа жетуге ықпал ететіні жөнінде ой бөлісті.
Аталған сұхбат магистранттың кәсіби білімі мен тәжірибесін көпшілікке насихаттауға, сондай-ақ психологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды ақпараттық алаң болды.