Әуезов университетінің үздіктері марапатталды

М.Әуезов атындағы ОҚУ-де университетінің студенттері жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында, шығармашылық және спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, оқу орнының абыройын асқақтатып келеді. Биыл да талантты жастар түрлі додада топ жарып, университет қоржынына кезекті жеңістерін салды.
Осы орайда Әуезов университетінде республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік, ғылыми және спорттық жарыстарда топ жарып, оқу орнының мерейін асқақтатқан үздік студенттерді марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ернар Иманғалиев студенттерді жарқын жетістіктерімен құттықтап, кездесудің басты мақсаты – университет мақтаныштарын бір ортаға жинап, өзара таныстырып, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасау екенін атап өтті.
Университет абыройын асқақтатып жүрген белсенді жастарға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!


Күнтізбе

Маусым 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.