Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған тағылымды шара өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Тарих және педагогика факультетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай «Ерлікке тағзым – елдікке құрмет – басты парызымыз» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
     Іс-шараға факультет деканы Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Әкімбаев Ахметжан Әбдіқадырұлы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
     Тағылымды шараның басты мақсаты – ел қорғаған батырларымыздың ерлігін ұлықтау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, тарихи жадымызды жаңғырту және бейбіт өмірдің қадірін насихаттау болды.
     Кеш барысында факультет студенттері патриоттық әндер орындап, әсерлі көріністер қойып, өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар майдангерлер мен Отан қорғаушылардың қайсарлығы мен ел алдындағы жанқиярлық еңбегі ерекше құрметпен еске алынды.
     Іс-шараны ұйымдастыруға “Жалпы тарих және мұрағат ісі” кафедрасының аға тәлімгері Тұрғымбаева Ақбота Сейдалыевна, “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының аға тәлімгері Төлешова Ақерке Әбдіманапқызы, “Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі” кафедрасының аға тәлімгері Алтаева Назымкүл Адилхановна және факультеттің белсенді студенттері атсалысты.
     Мерекелік концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға рухани әсер қалдырды. Осындай мазмұнды іс-шаралар жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

Күнтізбе

Мамыр 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.