Жаңалықтар
«Талапкерге бағдар» атты онлайн кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

«Талапкерге бағдар» атты онлайн кәсіби бағдар беру кездесуі өтті
2025 жылғы 22 желтоқсанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Тарих және педагогика» факультеті мен Кәсіби бағдар беру орталығы бірлесе отырып, ZOOM платформасында «Талапкерге бағдар» атты онлайн кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шараға Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты мектеп бітіруші түлектер мен Шымкент қаласындағы мектеп талапкерлері қатысты.
Кездесу барысында Кәсіби бағдар беру орталығының басшысы Т.Т. Заурбеков 2026–2027 оқу жылына арналған ҰБТ-ның жаңа форматтары туралы жан-жақты ақпарат берді.Сонымен қатар Тарих және педагогика факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Қ.М. Уразбаев факультеттің білім беру бағдарламалары мен олардың ерекшеліктері жөнінде толық мәлімет ұсынып, мектеп бітіруші түлектерді университетке оқуға түсуге шақырып, алдағы оқу жолында сәттілік тіледі.
Факультеттің білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы және оқу үдерісі туралы кафедра меңгерушілері — Ермекбаев Мұхтар Әбенұлы, Отарбаева Гүлжан Көбейқызы, Үсенова Ақкенже Мұқанқызы, сондай-ақ факультет декан орынбасарлары Таштанов Жаңабек (оқу бағдарламалары бойынша) және Акимжанов Ахметжан (білім алушылардың бос уақыты мен қосымша үйірмелер бойынша) жан-жақты ақпарат берді.
Кездесуге факультеттің кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты, «Қазақстан тарихы» кафедрасының магистр-оқытушысы Баймаханов Нұрбек Бақтиярұлы, сондай-ақ кафедралардың жауапты оқытушылары қатысты.
Іс-шара соңында мектеп түлектері тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар беріліп, университет пен факультет туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.





