Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен «Әл-Фараби мұрасы-өркениет қазынасы» атты республикалық ғылыми конференциясы
2025 жылдың қазанның 30-күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Тарих және педагогика факультетіндегі «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасында мамандандырылатын ТП-25-14к1 және ТП-22-5кр курс студенттері мен аға куратор Тургумбаева А.С., Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен «Әл-Фараби мұрасы-өркениет қазынасы» атты республикалық ғылыми конференциясына қатысты.
Шараның негізгі мақсаты адамзат өркениетінің дамуына зор үлес қосқан Әл-Фараби еңбектерін кеңінен насихаттау, ғұламаның ғылыми ой тұжырымдарын заманауи өркениет пен білім беру жүйесінің дамуымен сабақтастыра талдау болды.
Кітапхана директоры, ф.ғ.к., Анар Асаубаева Жаппарқұлова, алқалы конференцияның модераторы болып, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек ресми ашылу салтанатты сөзін сөйледі.
Конференцияда Әл-Фараби бабамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған 20 томдық ғылыми еңбектің тұсауы кесілді. Ғылыми жинақ авторлары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры, ф.ғ.д., Әл-Фараби орталығының ғылыми кеңесшісі Жақыпбек Алтайұлы Алтаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Әсет Құрманбек көптомдық еңбектің шығу тарихын, мәні мен маңызын конференция қатысушыларына баяндап берді.
Басқосу барысында Әл-Фараби мұрасының философия, педагогика, музыка, этика және өркениеттану салаларындағы қазіргі қоғаммен байланысын ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ф.ғ.д., профессор Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ «Тюркология» ҒЗИ директорының орынбасары, PhD Халил Четин, ф-т.ғ.д., Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ профессоры Досай Тұрсынбайұлы Кенжетай, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Болат Сағынбекұлы Қорғанбеков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессоры, PhD Рауан Амантайұлы Кемербай, фарабитанушы, «Руханият-Әбу Насыр Әл-Фараби» музейінің негізін қалаушы, алғашқы директоры Абдолла Жұмашев және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ т.ғ.к., Қайрат Сапарханұлы Анарбаев, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, магистрант Қанат Мұратбекұлы Алтынбек мырзалар сөз сөйлеп, талқылап, қатысушылар мен студент жастар ұлы ғұламаның еңбектері мен өнегелі шығармашылық жолы
Ғылыми конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, ЖОО оқытушылары, мәдениет және ғылым саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері және БАҚ қатысты.






