Жаңалықтар
Саяси қуғын-сүргін құрбандары және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» тақырыбында оқырмандар конференциясы
29-мамыр күні Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебаб кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандары және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға тарихшы ғалымдар, тіл мамандары, студент жастар, кітапханашылар қауымы қатысты. Іс-шараға М. Әуезов атындағы ОҚЗУ Қазақстан тарихы кафедрасының ұстаз-ғалымдары т.ғ.к. С. Карибаев, т.ғ.к. Г. Тілеуқұлов, т ғ.к. Ж. Жолдыбаев және аға оқытушы А. Қабыл қатысып, қазақ тарихының көлеңкелі тұстары, зұлмат жылдар жаңғырығы, осы қиын-қыстау кезеңде елі үшін аянбай еңбек еткен Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының саяси өмірі туралы баяндама жасады.