Шымкентте «EduCampShym» жазғы кәсіптік бағдарлау лагері ашылды.

2025 жылғы 28 мамырда Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауы және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бастамасымен алғаш рет «EduCampShym» жазғы кәсіптік бағдарлау лагері өз жұмысын бастады. Он күнге созылатын бұл бірегей жоба оқушылар мен түлектерге болашақ мамандықтарын саналы таңдауға бағытталған.
Лагерь аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Тарих және педагогика» факультетінде «Тарих – өткенге саяхат емес, болашаққа жол» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Сайпов қатысушыларға орталықтың негізгі ғылыми бағыттары мен соңғы жаңалықтарын таныстырды.
Сондай-ақ, университеттің Ақпараттық білім беру орталығына экскурсия ұйымдастырылып, кітапхана ісі мамандығы бойынша білім беру мүмкіндіктері мен кітапхана қоры туралы мағлұмат берілді. Бұдан бөлек, арнайы және жалпы психология бағыттары бойынша Инклюзивті білім беру кабинетінде таныстырылым өтті.
EduCampShym – бұл оқушылар мен мектеп түлектеріне түрлі кәсіби бағыттармен жақын танысып, шеберлік сабақтарына қатысуға, өз қабілеттері мен бейімділіктерін ашуға мүмкіндік беретін кәсіби бағдар беруге арналған жазғы лагерь. Жоба барысында қатысушылар университет зертханалары мен оқу базаларын аралап, тәжірибелі оқытушылармен және саланың үздік мамандарымен жүздесуде.
Бұл лагерь – жастарға болашақ мамандығын саналы таңдауға және өз болашағына сенімді қадам жасауға берілетін таптырмас мүмкіндік.

Күнтізбе

Маусым 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.