Ескерткіштер мен тарихи орындар – ел қазынасы.

2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан тарихы кафедрасының жоспары аясында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар Сайрам тұрғын алабындағы «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК Сайрам музейіне экспедиция ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар музейдің экспозициялық залдарын аралап, тарихи жәдігерлер мен рухани мұралармен танысты. Музей – бұл өткен мен бүгіннің арасындағы алтын көпір, адамзат өркениетінің, ұлттың рухани және мәдени байлығының куәсі.
Экспедиция жұмысы Ибрагим-ата кесенесі мен Қарашаш ана кесенесінің тарихымен танысумен жалғасты. Әрбір ескерткіш тек өз дәуірінің куәсі ғана емес, тұтас ұлттың тарихы мен мәдениетінің айнасы болып табылады.
Бұл экскурсия студенттер мен жастардың киелі орындарды сақтау мен қорғауға, тарихи мұраға деген жауапкершілігін арттыруға зор ықпал етті.
Ескерткіштер мен тарихи орындар – халықтың мәдени және тарихи байлығының көрінісі. Аталған шара студенттердің туған өлкесінің тарихын тануға және патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Күнтізбе

Маусым 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.