МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ: БІЛІМ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаты Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен «Инклюзивті қоғам: білім және қолжетімділік» тақырыбында кездесу өткізді. Мәжіліс депутаты алдымен университеттің мұражайы, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығын аралып, мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған инклюзивтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Университеттің Басқарма-Төрағасы Дархан Ахмед-Заки кездесуде Таңсәуле Ғабдыманапұлының ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, біршама заңнамалардың қабылдануына атсалысқанын атап өтті. Кезекті сөз алған Т.Ғабдыманапұлы бүгінде елімізде 737 мың мүгедектігі бар азамат бар болса, басым бөлігі жастар екеніне тоқталды. Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік жәрдемақы сияқты қолдауларға ғана емес, әсіресе жастардың жоғары білім алып, жұмыспен қамтылуына да ерекше назар аударылуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында «Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан жыл соңына дейін осындай балаларға жан-жақты қолдау көрсету ісін реттейтін жаңа заң әзірлеу керек»- деп тапсырма берген болатын. Бұл бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жастармен бүгінгі кездесуде ұсыныстарын тыңдаймыз, - деп атап өтті басқосуда Т.Серіков.
Университетте 120-дан студент инклюзивті білім алуға мүмкіндік алған. Кездесуге келген жастар және олардың ата-аналары депутатпен еркін пікір алмасып, көкейлеріндегі сауалдарын іркілмей қойды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы, жұмыспен және баспанамен қамтылуы секілді сауалдарға толыққанды жауап алды. Әңгіме барысындағы Таңсәуле Ғабдыманапұлының өмір және еңбек жолдарындағы жетістіктері жастарға рухани күш беріп, шабыттандырды.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.